Қанға деген тапшылығын жою үшін Ақтау ІІБ Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полицейлері облыстық қан орталығына келіп, Жаңаөзенде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге және де облысымыздағы қажет еткен басқа адамдарға өз тарапынан үлестерін қосуда.
«Биыл 25 қараша күні Жаңаөзен қаласы Теңге кентінде орын алған жол-көлік оқиғасында қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімізді білдіреміз. Жеке құрам болып өз қандарын қажет еткен адамдарға беруге ниет білдіріп келдік», дейді Ақтау ҚІІБ ЖПҚ ЖПП батальоны рота командирі, полиция капитаны Ерғали Искаков.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы